ШҚО-да салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ШҚО филиалының алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған семинар өтті.

Іс-шараға Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, салық төлеушілер, консалтингтік компаниялар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен блогосфера өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – салық және кеден заңнамасындағы өзекті өзгерістерді түсіндіру және бизнес-қоғамдастықтың хабардарлығын арттыру.

Семинар барысында Берешекпен жұмыс басқармасының бас маманы Шынар Сейлханова салық берешегін өндіріп алу рәсімдеріндегі өзгерістер, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару тетіктері туралы баяндады.

Мемлекеттік кірістер органдарында түсетін төлемдерді есепке алу тәртібін есеп және дербес шоттарды жүргізу бөлімінің басшысы Людмила Агарина түсіндірді.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесінің енгізілуі мен ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы Роза Сейльханова баяндады.

Кедендік әкімшілендіру мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Темір Күлекін «Кеден» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі туралы ақпарат ұсынды.

Камералдық кедендік тексерулер бөлімінің бас маманы Бауыржан Әмренов шетелдік тауарларды пайдалану бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, соның ішінде төмендетілген кедендік баж мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар бойынша түсіндірді.

Өз кезегінде, көшпелі кедендік тексерулер бөлімінің бас маманы Мәди Мырзабеков камералдық және көшпелі кедендік тексерулер жүргізу тәртібімен таныстырды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, салық және кеден заңнамасын қолданудың практикалық аспектілерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1187824?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді