
Наурыз – халқымыздың тірлігі мен берекесінің көрінісі, биік рухымыздың, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің, салт-дәстүріміздің өзегі.
Тамыры тереңге кеткен әз-Наурыз қай кезде де еңсесі биік елдіктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі.
Табиғаттың көктемгі жаңару кезеңі, молшылық, ізгілік пен жақсылықтың нышаны.
Ұлыстың Ұлы күніне орай Жаңатас қаласындағы Орталық алаңда мерекелік шара өтті.
Шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.
Мерекелік шара барысында ұлттық ойындар мен салт-дәстүрге қатысты көріністер, қойылымдар ұсынылды. Шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1187788?lang=kk

Жауап қалдыру