Округ аумағында Наурыз мерекесі аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыбел ауылдық округі аумағында Наурыз мерекесі жоғарғы деңгейде аталып өтілді. Наурызнама бойынша жоспарланған тиісті шаралар уақытылы, сапалы атқарылды.  Округ аумағындағы барлық ауылымыздың әр көшесінде ұлттық дәстүрімізді дәріптеген көже жарысы ұйымдастырылып, тұрғындар өзара бақ сынасты. Дәмі тіл үйірер наурыз көжелер ұсынылып, үздіктер анықталды.
Сонымен қатар, мереке аясында түрлі ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, жастар мен ересектер белсенділік танытты.  Мерекелік той-думан жоғары деңгейде өтіп, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сахна төрінде әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер биленіп, күмбірлеген күйлер шертілді.  Наурыз – бірлік пен татулықтың, жаңару мен жақсылықтың мерекесі.
Осы жарқын күнде баршаңызға молшылық, бақ-береке тілейміз!  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-sarybel/press/news/details/1187776?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді