
Азаматтық қорғау майоры Айгерім Қаныбекқызы 1992 жылғы 5 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және «Оңтүстік Орал мемлекеттік (ұлттық зерттеу) университетін» бітірген, техника ғылымдарының магистрі.
Азаматтық қорғау органдарында 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы қызметін атқарды.
Қазіргі уақытта халықпен өзара әрекеттестікті белсенді дамытып, бұқаралық ақпарат құралдарымен конструктивті байланыс орнатып, төтенше жағдайлар бойынша қоғамды жедел ақпараттандыруды қамтамасыз етеді.
Еңбек қызметіндегі жетістіктері мен жоғары нәтижелері үшін Департамент басшылығы тарапынан бірнеше мәрте марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1187772?lang=kk

Жауап қалдыру