Маңғыстаулық жиһанкез түркі елдеріне саяхатқа шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстаулық жиһанкез Раббим Борашев «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәдени жылының аясында түркі мемлекеттерін велосипедпен аралауға шықты.

Жиһанкез Қоңырат-Хиуа-Үргеніш-Самарқанд-Ташкент-Түркістан-Тараз-Бішкек-Алматы-Ашхабад қалаларын аралап, 4500 шақырымды жүріп өтпек.

-Ақтау қаласы күллі түркі әлемінің мәдени астанасы атанып жатыр. Соған орай, Париждегі сапарым секілді түркі елдерінің ынтымақтастығын, бірлігін көрсету мақсатында жолға шықтым. Түркі мемлекеттерінің бірлігі бекемдей бергей, ақ жол тілеген халыққа алғысым шексіз!, – деді Раббим Борашев.

Велошабандозды өңір тұрғындары теңіз жағалауында салтанатты түрде шығарып салды. Іс-шараға Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев қатысып, сәтті сапар тіледі.

-Халықаралық іс-шара аясында басталған Раббим Борашевтың сапары сәтті болсын! Облысымызға қонақ болып келген түркі елдерінің құрметтілері ағамызға қол-ұшын созып, көмектесіп отырса дейміз. Аман-есен елге оралуыңызға тілектеспіз!, – деді Рахымжан Шалбаев.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/971922?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді