Өрттің көпшілігі адам факторынан болады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
Электр қауіпсіздігі
- Розеткалар мен ұзартқыштарды шамадан тыс жүктемеңіз
- Тек жарамды электр құралдарын пайдаланыңыз
- Қосулы құралдарды қараусыз қалдырмаңыз
Ас үйде
- Тамақты плитада қараусыз қалдырмаңыз
- Қайнап жатқан майды сумен өшірмеңіз — қақпақпен жабыңыз
Отпен абай болыңыз
- Төсекте шылым шекпеңіз
- Темекіні толық өшіріңіз
- Жанып тұрған шамдарды қараусыз қалдырмаңыз
Балалардың қауіпсіздігі
- Сіріңке мен оттықты балалардан алыс сақтаңыз
- Балаларға оттың қауіпті екенін түсіндіріңіз
Өрт болған жағдайда
- Дереу үйден шығыңыз
- Төмен еңкейіп немесе еңбектеп қозғалыңыз
- 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз
Есіңізде болсын: қарапайым ережелерді сақтау – өмірді сақтайды!
Күршім ауданының ТЖБ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1187603?lang=kk

Жауап қалдыру