2025 жылдың 5 сәуір күні өткен сенбілік туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күршім ауданы әкімдігінің 2025 жылы 2 сәуірінде «Ауданның елді мекендерін абаттандыру, көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізу туралы» № 92 қаулысы қабылданды. Қаулыға сәйкес, барлық мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне 2025 жылдың 5 сәуірінен 30 қарашаға дейін  өздеріне тиесілі аумақтарда санитарлық-тазалық жұмыстарын өткізуді, көгалдандыру жұмыстары бойынша әр түрлі ағаш көшеттерін отырғызуды ұйымдастырып, егілген көшеттерді, гүлдерді суарып, көгалдар мен ағаш, бұталардың кедергі өскіндерін уақытылы жаз айларында қырқып отыруды қадағалау тапсырылды.

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде  сенбілікке барлығы 423 адам қатысып, 74,0 тонна қоқыс  шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/972001?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді