
Наурызнама онкүндігі аясында 23 наурыз – Тазару күніне орай «Көктемнің жаңарған нұры» атты сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Наурыз мерекесі өткен орталық алаңда тазалық жұмыстары жүргізіліп, аумақ қоқыстан тазартылып, айнала ретке келтірілді.
Сонымен қатар, мәдениет үйінің іші де толықтай тазаланып, едендер жуылып, ғимарат іші талапқа сай тәртіпке келтірілді.
Мәдениет қызметкерлері белсенділік танытып, тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1187239?lang=kk

Жауап қалдыру