Jeniske birge jugir: Астанада отбасылық жүгіру іс-шарасы өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елорданың Триатлон саябағында 24 қараша күні Jeniske birge jugir отбасылық жарысы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Әрбір қатысушы отбасы жүгіретін жалпы қашықтық үш деңгей бойынша өтеді: 2 км 300 м – әкесі, 0,5 км – анасы, 0,2 км – балалар.
Жарысқа ата-анасының біреуі болмаған жағдайда жақын туыстары қатыса алады.
Алғашқы үш орын үшін әкелер сыйлық ретінде теледидар алады. Аналар арасында бірінші орын үшін микротолқынды пеш, екінші орын үшін – шаңсорғыш, үшінші орын үшін – термопот беріледі.
Балалар арасында бірінші болып жеткенге – планшет, екінші орынға – смартфон, үшінші орынға ақылды сағат беріледі.
Жас санаттары (балалар):
– 8-9 жас;
– 10-11 жас;
– 12-13 жас.
Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 21-24 қараша аралығында онлайн режимінде өтеді.
Жарыс күні басталғанға дейін тіркелуге болады. Жарыстың басталуы 24 қараша күні сағат 13:00-де.
Мәреде қатысушылардың бәріне естелік медальдар беріледі. Іс-шара соңында 10 велосипед ойналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887907


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді