
Сыр өңірі – ән мен күй өңірі ғана емес, сонымен бірге өңірде жас спортшылар да өсіп келеді. Қуантарлығы – республикалық, Азия, Еуропа чемпионаттарында бой көрсетіп жүрген жас спортшыларымыздың белсенділік танытуы.
Атап айтар болсақ, 2025 жылдың 3-6 сәуір аралығында Ақтау қаласында өткен «Қоян-қолтық ұрыстан» юниорлар және жастар арасындағы ҚР чемпионатында 18-23 жас аралығындағы ерлер арасында: 57 келі салмақ дәрежесінде: І-орынды Қызылорда өңірінің тумасы Нұржаубайұлы Бекарыс алды.
Ал, 18-23 жас аралығындағы әйелдер арасындағы сайыста Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, 53 келі салмақ дәрежесінде Болатбек Сәния 1-орынды; 70 келі салмақ дәрежесінде Сәндібекова Аяжан ІІ-орынды алды.
«Batyr team» спортклубының мүшелерін, спортшы әріптестерді бүгін Қызылорда облысы ТЖД басшылығы, ұжымы және спортшылардың жақындары темір жол вокзалында қуанышпен қарсы алып, оларды жеңістерімен құттықтады. Спортшыларымызға алдағы уақытта да зор денсаулық, қызметте абырой, чемпионаттарда жеңіс тілейміз.
Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/972257?lang=kk

Жауап қалдыру