Қазақстан командасы Париждегі әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

​Франция астанасы Париж қаласында көркем (синхронды) жүзуден әлем кубогының 2 кезеңінде Қазақстан қоржыны кезекті жүлдемен толықты.

Жарыстың 2-күні аралас жұптық сында (микст) техникалық бағдарлама бойынша Ясмин Исламова мен Алдияр Рамазанов жұбы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, күміс жүлде иеленді.

Сондай-ақ, осы бағдарламада тағы бір отандық жұп – Артур Майданов пен Айғаным Сайым үздік сегіздікке еніп, 7-сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, Парижде Қазақстан командасы сапында барлығы 16 отандасымыз жүлдеге таласады. Бұл жолы жарысқа 27 мемлекеттен 190-ға тарта спортшы қатысып жатыр. Әлем кубогы 29 наурызда мәресіне жетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1189074?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді