Көкшетау және Петропавл қаласының тұрғындары психотроптық заттарды өткізу бойынша сотталған

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласының прокуратурасы жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен α-PVP психотроптық затының заңсыз айналымы туралы іс бойынша сот отырысының тікелей онлайн-трансляциясын ұйымдастырды.

Сотта анықталғандай, айыпталушылар алдын ала сөз байласып, психотроптық затты аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алып, оны өткізу мақсатында сақтаған.

Сот үкімімен бір сотталушы 7 жылға, екіншісі 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

Сот отырысына жастар арасындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында онлайн және офлайн форматта 470 студент қатысты.

Қала прокуратурасы ескертеді: есірткі заттарының заңсыз айналымы қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады және жастардың болашағын біржола бұзуы мүмкін.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1189193?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді