
Қалалық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері Есет батыр ықшам ауданында ақшаңқан киіз үй тігіп, ұлттық нақыштағы киім көрмесін дайындады. Әсем ән мен күмбірлеген күй шырқалып, тұрғындарға ақ дастархан жайылып, ыстық бауырсақ пен наурыз көже ұсынылды.
Ұлттық салт-дәстүріміз де назардан тыс қалмады. Мәслихат депутаттары Амантай Үмбетай мен Жаңалық Ахаш Айдын мен Айқын есімді егіз бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, ақжарма тілектерін жолдады. Мәслихат төрағасы Анар Даржанова шашу шашып, сәбилердің алғашқы қадамымен құттықтады.
Облыс әкімі Асхат Шахаров және қала әкімі Азамат Бекет те шараға арнайы қатысып, игі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев, Еңбек Ері Аманғос Төлеу және облыстық мәслихат депутаттары да ортақ қуанышқа үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1189219?lang=kk

Жауап қалдыру