
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары А.Сагимбаеваның төрағалығымен 27.03.2026ж. Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім қызметкерлері, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы , «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы және «Nomad Life», «Halyk Life» өмірді сақтандыру компанияларының қызметкерлерінің қатысуымен еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға арнаулы әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қатысты туындаған мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде Департамент басшысының орынбасары А.Сагимбаева қатысушыларға іс-шараның мақсаты – зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнаулы әлеуметтік төлемдерді тағайындау барысында туындаған мәселелер бойынша бір-бірімізбен тығыз байланыста жұмыс жасап, бірлесіп ұсыныстарды әзірлеу болып табылатындығы жөнінде айтып өтті.
Іс шараға қатысып отырған мүдделі органдардың өкілдері өз тараптарынан ұсыныстарын жеткізіп, пікірлерімен алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1189411?lang=kk

Жауап қалдыру