
Жыланды ауылдық мәдениет үйінде, Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының ұйымдастыруымен, «Zhylandy OPEN» атты Жетісу облыстық математикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Аталған іс-шараға облыс мектептерінің оқушылары қатысып, білім додасының куәсі болды.
Турнирдің негізгі мақсаты – оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды жастарды анықтау болып табылады.
Іс-шараның ашылуында ұйымдастырушылар қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, мұндай білім сайыстары оқушылардың өзара тәжірибе алмасуына, білім деңгейін арттыруына мүмкіндік беретіні айтылды.
Турнир барысында қатысушылар өз білімдерін сынға салып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. «Zhylandy OPEN» облыстық турнирі алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасып, жас математиктердің басын қосатын маңызды алаңға айналады деп күтілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1189372?lang=kk

Жауап қалдыру