Жыл сайынғы дәстүрлі «Белый марафон» шаңғы жарысының салтанатты ашылу рәсімі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы, Сандықтау ауданында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Владимир Сахновқа арналған дәстүрлі жыл сайынғы «Белый марафон» шаңғы жарысының салтанатты ашылуы өтті.

Қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай спортшыларға әділ сайыс, жоғары жетістіктер мен жарқын жеңістер тіледі.

Салтанатты шараға — Қазақстанның үздік шаңғышыларының бірі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Сахнов қатысты.

Марафонға әртүрлі жас санатындағы 300-ден астам спортшы, оның ішінде ардагер спортшылар да қатысты. Олар үшін мұндай жарыстарға қатысу белсенді, әрі салауатты өмір салтының маңызды бөлігі болып қала береді.

Аталған спорттық шараға Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Абай облыстарынан, сондай-ақ Қостанай, Қарағанды, Үржар, Астана, Павлодар, Семей, Көкшетау, Степногорск, Щучинск, Ақкөл қалаларынан, Зеренді және Сандықтау аудандарынан шаңғы спортының әуесқойлары мен белсенділері жиналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1189355?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді