
Кентау қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстары бастау алды.
Жалпы қала аумағында көпқабатты тұрғын үйлерге қарасты 67 аула бар. Биыл соның 33 ауласында абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аталған жоба 2027 жылға дейін жалғасатын өтпелі болып табылады.
Бірінші кезең аясында 10 ауланы жаңғырту жоспарланған. Жоба шеңберінде аулаішілік жолдарды жөндеу, балалар ойын алаңшаларын және спорттық алаңдарды орнату, заманауи жарықтандыру жүйелерін жүргізу, сондай-ақ тұрғындардың демалуына қолайлы орындықтар орналастыру қарастырылған.
Жоба қала басшылығының бақылауында, жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1189283?lang=kk

Жауап қалдыру