
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дауытов Турехан Бекболатұлының төрағалығымен зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері қатысуымен жұмыс жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты – Комитеттің хаттамалық тапсырмаларын орындау барысын қарау және бақылау жұмыстарын күшейту.
Жиналыс барысында зейнетақы төлемдерін алушылардың іс құжаттарын еңбек кітапшаларындағы жазбалармен салыстырып тексеру жұмыстары қаралды. Сонымен қатар, электрондық зейнетақы макеті негізінде жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды.
Тексеру барысында еңбек кітапшаларындағы жазбалары бірдей, жұмыс істеген мекемелері мен кезеңдері сәйкес келетін еңбек өтілі бар тұлғалардың құжаттары және де Зейнетақы жарналарының мерзімін жасанды түрде арттыру белгілері бар күмәнді іс-құжаттарды анықтау және тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген тапсырмаларды орындау аясында өзге мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер санының арту себептері қаралды.
Атап айтқанда, ардагерлер санының негізсіз өсу фактілерін анықтау, сондай-ақ арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың заңсыз тағайындалу жағдайларын болдырмау бағытында Комитет тарапынан жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстары талқыланды.
Жиналыс қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1189505?lang=kk

Жауап қалдыру