Семинар- практикум «Кәсіби диалог: ПББ нәтижелерін талдау, өсу аймақтарын анықтау және аттестаттау контекстінде жеке білім беру маршруттарын құру»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семинар- практикум «Кәсіби диалог: ПББ нәтижелерін талдау, өсу аймақтарын анықтау және аттестаттау контекстінде жеке білім беру маршруттарын құру»
📚Көктемгі демалыс мектебінің аясында «Кәсіби диалог: ПББ нәтижелерін талдау, өсу аймақтарын анықтау және аттестаттау контекстінде жеке білім беру маршруттарын құру» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
📌Аталмыш іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
♦️Семинар шеңберінде аттестаттау процедурасының негізгі аспектілерін Дерябина Е.П., педагог-шебер (№12 ЖОББМ), Каспақпаева Ж.С., педагог-зерттеуші (№37 гимназия), Борисова И.А., педагог-зерттеуші (№6 гимназия) түсіндірді. Спикерлер аттестаттаудың негізгі кезеңдері, оны өту ережелері және мұғалімдердің білімін бағалау тәртібі туралы айтты.
🖊️Семинардың тәжірибелік бөлімі шеберлік сабақтары түрінде ұйымдастырылды. Қатысушылар тапсырмалармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдерімен танысты.
📌Семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті және аттестаттауға дайындықтың маңызды кезеңі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1189845?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді