Меркі аудандық мәслихатының кезекті 56-сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 30 наурызы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 56-сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Е. Әбілдаев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. 2025 жылы және есепті мерзімде Аспара және Ақермен ауылдық округ әкімдеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері;

  2. «Меркі ауданының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №52-4 шешіміне толықтыру енгізу туралы;

  3. «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №52-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Талқылау барысында депутаттар бюджеттік жоспарлаудың ашықтығы мен сапасын арттыру мәселесін көтерді. Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-merke/press/news/details/1189786?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді