
Ағымдағы жылы тұйық бұрылыстарды қоса есептегенде, қалада 100-ге жуық көше жөндеуден өтеді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда жаяу жүргіншілер жолдарын салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар А.Аскаров, Қ.Қойгелді, Рысбек батыр көшелерінде жүзеге асуда.
Алдағы уақытта жол жөндеу жұмыстарының қарқыны артып, ауқымы кеңейтілетін болады.
Осыған байланысты кейбір көшелерде уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1189957?lang=kk

Жауап қалдыру