
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕС ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ
▪️Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының мүшелері Түркістан облысына келді. Делегация құрамында Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов, энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министр Арзыбек Кожошев, интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиев, техникалық реттеу жөніндегі министр Александр Субботин, кедендік ынтымақтастық жөніндегі министр Сергей Шкляев, сондай-ақ бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министр Максим Ермолович бар.
▪️Жұмыс сапары аясында делегация Түркістан қаласындағы «Сирек жәдігерлер залы» көремесін аралап, тарихи жәдігерлермен танысты. Экспозицияға Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен ХІV ғасырдан бері сақталып келе жатқан аса құнды тарихи жәдігерлер ұсынылған. Сонымен қатар көрмеге музей қорының 100-ден астам құнды жәдігері қойылған. Қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қорында 26 мыңнан астам жәдігер сақталса, соның 80 пайызы – түпнұсқа.
▪️Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және туристік әлеуеті туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев баяндады.
▪️ЕЭК өкілдері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген, түркі әлемі үшін маңызды тарихи-рухани нысан – Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Сондай-ақ делегация мәдени-рухани орталықта орналасқан «Керуен сарай» туристік кешенінде болып, әлемдегі теңдесі жоқ ұшатын «Алтын Самұрық» театрын тамашалады.
▪️Дүние жүзінде 8D форматында 18 ұшатын театр болса, ТМД елдері бойынша мұндай театр жалғыз Түркістан қаласында ғана бар. 8 D форматтағы әсерлі саяхат арқылы еліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісіне саяхаттады.
▪️Аталған жұмыс сапары Түркістан облысының туристік және инвестициялық әлеуетін ілгерілетуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысымен өңірге саяхаттаған туристер саны 500 мың адамнан асып, өткен жылдың тиісті кезеңінен 15,9%-ға өскен. Тарихи орындарға 1 012 мың адам саяхаттап, 2024 жылдан 13%-ға артқан. Облыста туристерге қызмет көрсететін 265 орналастыру орны жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңінен 12,7%-ға өскен.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
————————
ПРЕДСТАВИТЕЛИ ЕВРАЗИЙСКОГО МЕЖПРАВИТЕЛЬСТВЕННОГО СОВЕТА ПОСЕТИЛИ ИСТОРИЧЕСКИЕ ОБЪЕКТЫ ТУРКЕСТАНА
▪️ Члены Коллегии Евразийской экономической комиссии (ЕЭК) прибыли с визитом в Туркестанскую область. В составе делегации – министр по экономике и финансовой политике ЕЭК Бахыт Султанов, министр по энергетике и инфраструктуре Арзыбек Кожошев, министр по интеграции и макроэкономике Данияр Иманалиев, министр по техническому регулированию Александр Субботин, министр по таможенному сотрудничеству Сергей Шкляев, а также министр по конкуренции и антимонопольному регулированию Максим Ермолович.
▪️ В рамках рабочего визита делегация посетила выставку «Зал редких экспонатов» в Туркестане, где ознакомилась с историческими артефактами. В экспозиции представлены особо ценные реликвии из мавзолея Ходжи Ахмеда Ясави, сохранившиеся с XIV века. Всего на выставке представлено более 100 подлинных предметов из фондов музея. На сегодняшний день в фондах музея-заповедника «Азрет Султан» хранится более 26 тысяч экспонатов, 80% из которых являются оригиналами.
▪️ О социально-экономическом развитии региона и его туристическом потенциале доложил заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев.
▪️ Представители ЕЭК посетили мавзолей Ходжи Ахмеда Ясави – важнейший историко-духовный объект тюркского мира, включенный в список Всемирного наследия ЮНЕСКО. Также делегация побывала в туристическом комплексе «Керуен-сарай», где посетила уникальный летающий театр «Алтын Самрук».
▪️ Отметим, в мире имеются всего 18 летающих театров формата 8D, и данный театр в Туркестане является единственным на территории стран СНГ. Через захватывающее путешествие в формате 8D гости смогли увидеть панораму прошлого, настоящего и будущего нашей страны.
▪️ Данный визит способствует продвижению туристического и инвестиционного потенциала Туркестанской области, а также дальнейшему развитию сотрудничества в рамках Евразийского экономического союза.
По итогам 2025 года число туристов, посетивших регион, превысило 500 тысяч человек, что на 15,9% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Исторические места посетили 1 млн 12 тысяч человек (рост на 13% к 2024 году). В области функционируют 265 мест размещения туристов, показатель вырос на 12,7%.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1189983?lang=kk

Жауап қалдыру