Ақмола облысының оқушылары республикалық олимпиадада алты жүлделі орынға ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай қаласында 2026 жылғы 19-24 наурыз аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы информатика және математика пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қостанай облысының білім басқармасы және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай дарыны” өңірлік оқу-әдістемелік орталығы.

Ақмола облысынан 13 оқушы қатысты, информатика пәні бойынша – 7 оқушы, математика пәні бойынша  – 6 оқушы. Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша ақмолалық оқушылар жоғары нәтижелер көрсетті.

II-дәрежелі дипломмен:

1.Шаймерден Нұрәлі — “Білім-инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, “Информатика” пәні бойынша;

2.Абенов Чингиз — “Білім-инновация” лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, “Информатика” пәні бойынша марапатталды.

IІI-дәрежелі дипломдармен:

1.Даминов Дильдар — “Білім-инновация” лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, “Информатика” пәні бойынша;

2.Мұғжан Дінмұхаммед — “Білім-инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, “Информатика” пәні бойынша;

3.Қуанышбек Нұрислам — “Білім-инновация” лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, “Информатика” пәні бойынша;

4.Есиркесинов Фараби — “Білім-инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, “Математика” пәні бойынша марапатталды.

Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1189980?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді