
Найроби, 2026 жылғы 30 наурыз — Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшілігі 29 наурызда Найробиде өткен Дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.
Жәрмеңкеге 20-дан астам Елшіліктер мен Кенияның бірқатар қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдары қатысты.
Жәрмеңке қонақтарына Елшілік қызметкерлерінің жұбайлары дайындаған дәстүрлі қазақ тағамдары ұсынылды. Қонақтар арасында бауырсақ, шак-шак және қазақстандық шоколад ерекше танымал болды.
Концерттік бағдарлама аясында Елшілік қызметкерлері «Қара жорға» ұлттық биін орындады.
Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат елдегі әлеуметтік жобаларды қолдау үшін Кенияның қайырымдылық қорына берілді. Елшіліктің қатысуы тағы да әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына адалдығымызды және екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ұмтылысымызды растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1190108?lang=kk

Жауап қалдыру