Таза Қазақстан – ортақ міндет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таза Қазақстан – ортақ міндет

2026 жылғы 26 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Аққұм ауыл округі әкімінің ұйымдастыруымен ауылда ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шара барысында елді мекендегі арық-атыздар мен су ағатын каналдар тазаланып, олардың қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Бұл шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, санитарлық жағдайды жақсарту және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін ескерсек, баршамызды қоршаған ортаны аялауға және тазалықты сақтауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-akkum/press/news/details/1190143?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді