Ауыл әкімі тұрғындармен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі А. Болатов елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесулер өткізді. Кездесу барысында жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар мәселелер қаралды.

Кездесу барысында қаралған негізгі мәселелер:

  • Газ желілерін тарту және қосу – ауыл тұрғындарының тұрақты газбен қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету шаралары талқыланды;
  • Санитарлық тазалық жұмыстары – көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, қоқыс шығару жұмыстарының жағдайы қаралды;
  • Ауыз су мәселесі – ауылдық ауыз су жүйесінің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолдары айтылды;
  • Ауылшаруашылық бағдарламалары – «Ауыл аманаты», «Кең дала» және «Береке» бағдарламалары бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар түсіндірілді;
  • Алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар – тұрғындарға арналған жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды. Округ әкімдігі барлық көтерілген мәселелер бойынша нақты жұмыстарды жалғастыра отырып, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту бағытында жоспарланған шараларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-sarybulak/press/news/details/1190043?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді