Облыс ішінде қаладан ауылдық елді мекендерге ерікті түрде қоныс аударуды қолдаудың өңірлік жоспары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша Облыс ішінде қаладан ауылдық елді мекендерге ерікті түрде қоныс аударуды қолдаудың өңірлік жоспары іске асырылады. Жоспардың мақсаты – ішкі көші-қонды ынталандыру, ауылдық аумақтарды дамыту және оларды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету.

Өңірлік жоспардың негізгі бағыттары:

  1. Тұрғын үймен қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдау шаралары

Жоспар аясында қоныс аударушыларға тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған мемлекеттік қолдау көрсетіледі:

-ауылдық жерде тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық ұтқырлық сертификатын беру (жергілікті бюджет есебінен 1625 АЕК-ке дейін);

-көшуге байланысты біржолғы материалдық көмек төлеу (отбасы басшысына  70 АЕК).

-Қатысушылар 5 жыл мерзімге әлеуметтік келісімшарт жасасады.

  1. Жұмыспен қамту және еңбек нарығына бейімдеу

Қоныс аударушыларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында:

-субсидияланатын жұмыс орындарына (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы және т.б.) орналастыру;

-кейіннен тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;

-бос жұмыс орындары аудан мен ауылдардың нақты қажеттілігіне сәйкес ұсынылады.

  1. Кәсіпкерлікті қолдау

Ауылдық жерлерде экономикалық белсенділікті арттыру үшін:

-бизнес-идеяларды іске асыруға өңірлік гранттар беру (400 АЕК-ке дейін);

– агроөнеркәсіптік кешен мен қызмет көрсету саласына беріледі;

-міндетті талаптар: жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша сертификаттың болуы, бизнес-жоспар әзірлеу.

Грант алушылар:

-3 ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растауға;

-36 ай бойы есептілік тапсыруға міндетті.

  1. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету

Жоспар аясында:

-дәрігерлер, мұғалімдер, аграрлық сала және ТКШ мамандарын басым тәртіппен жұмысқа орналастыру;

-әр аудан бойынша кадр қажеттілігін талдау;

-мамандарды бекіту үшін жағдай жасау (тұрғын үй, тұрақты жұмыс, әлеуметтік кепілдіктер) көзделген.

Қатысу шарттары:

қаладан ауылдық елді мекендеріне қоныс аудару;

-5 жыл мерзімге әлеуметтік келісімшарт жасау;

-жұмыспен қамту немесе кәсіпкерлік талаптарына сәйкес келу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/1189939?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді