
Түркістан облысы мәдениет басқармасыныңұйымдастыруымен «Көрнекі ақпаратқа қойылатынталаптар» атты облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинарға ҚазақстанРеспубликасы Ғылым және жоғары білімминистрлігі Тіл саясаты комитетінің басқармабасшысы Қайыржан Алдашұлы Рахымжанов, Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасыныңмамандары өз тәжірибесімен бөлісті.
Аталған іс-шараның мақсаты – ҚазақстанРеспубликасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іскеасыру аясында көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың тілдік сауаттылығын арттыру, оларды қолданыстағы заңнама талаптарынасәйкестендіру және осы бағытта әдістемелік көмеккөрсету.
Семинарда сала мамандары өзара тәжірибеалмасып, өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шарағамемлекеттік органдар өкілдері, ғалымдар мен мамандар қатысты.
Семинар қорытындысы бойыншақатысушыларға көрнекі ақпараттарды ресімдеужәне орналастыру барысында заң талаптарынсақтау, тілдік нормаларды дұрыс қолданубағытында нақты ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1190157?lang=kk

Жауап қалдыру