Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы негізгі мақсат – мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғам тарапынан сенімді нығайту болып табылады.
Осы орайда, басқармада сала ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдары, заңнама талаптары және қызметтік әдеп нормалары кеңінен түсіндірілуде.
 
Сонымен қатар, ұжым арасында адалдық, парасаттылық және әділдік қағидаларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Әрбір қызметкердің заң талаптарын қатаң сақтауы, өз қызметіне жауапкершілікпен қарауы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңызды элементі болып табылады.
 
Басқармада ақпараттық-түсіндіру материалдары дайындалып, оларды қызметкерлер арасында тарату, сондай-ақ интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жариялау жұмыстары жолға қойылған. Бұл өз кезегінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді.
Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңдылық пен тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1190266?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді