
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ұжымда өзара сыйластық пен сенімді қарым-қатынас орнату мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Қызметтік әдеп қағидаларын сақтау – тиімді және сапалы қызмет көрсетудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Осыған орай, басқармада қызметкерлер арасында әдептілік, сыпайылық, өзара құрмет және кәсіби жауапкершілік қағидаларын кеңінен насихаттау мақсатында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс-шаралар ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға, қызметкерлердің өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыруға және жұмыс тиімділігін күшейтуге бағытталған.
Сонымен қатар, басқармада қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселесі тұрақты бақылауда ұсталып, әрбір қызметкердің кәсіби мінез-құлқына баса назар аударылады. Ұжымда қолайлы атмосфера қалыптастыру, әріптестер арасында өзара қолдау мен сенімді нығайту – басқарманың негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осы бағыттағы жұмыстар шеңберінде түрлі ақпараттық-түсіндіру материалдары әзірленіп, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланып келеді. Бұл мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ қоғам тарапынан сенімді нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Алдағы уақытта да Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ұжымдық мәдениетті дамыту және жағымды жұмыс ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1190265?lang=kk

Жауап қалдыру