Қоғамдық келісім мен жастар қауіпсіздігіне арналған кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Тұран ауданы Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әлеуметтік қауіптердің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлықтың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін зияны, суицидтің қауіпті салдары, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау, жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға Шымкент қаласы саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің эксперті Н. Абдукаримов, «Психикалық денсаулық орталығының» психологы А. Умарбекова, Шымкент қаласы дін істер басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Р. Қыпшақбаев, Тұран ауданы әкімі аппаратының Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің әдіскері Б. Алимбек, сондай-ақ Шымкент қалалық полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты А. Арынбек қатысты.
Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары жан-жақты жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/1190377?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді