
Келес ауданында мәдениет саласының дамуына серпін беретін жағымды жаңалық тіркелді. Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінің “Келес” халықтық театрының жетекшісі Жанкелді Мырзалиев республикалық моно спектакльдер фестиваль-байқауында “Үздік ер адам бейнесі” номинациясының иегері атанды.
Аталған театр ұжымы байқау аясында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының бейнесін сомдаған “Абай” спектаклін жоғары деңгейде сахналады. Көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған қойылым театр ұжымының кәсіби шеберлігін айқын көрсетті.
Айта кетейік, ауқымды мәдени шара жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына және Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылды. Фестиваль Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Әл-Фараби” атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1190376?lang=kk

Жауап қалдыру