
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Байғанин ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен алимент және мемлекет пайдасына өндірілуге жататын атқару құжаттары бойынша жеке сот орындаушысымен бірлесе рейдтік іс-шаралар акциясы жүргізілді.
Атқару құжаттарын орындау шаралары – бұл сот шешімдері мен басқа да құжаттарды мәжбүрлеп орындату үшін қолданылатын заңды әрекеттер жиынтығы.
Шара барысында борышкерлерге қатысты мәжбүрлеп орындату тетіктері қолданылып, олардың мүлкіне тыйым салу, банктік шоттарына шектеу қою, сондай-ақ кірістерінен өндіріп алу жұмыстары жүргізілді.
Өткізілген айлық акция аясында 2 млн. теңгеден астам алимент өндірілсе, 700 мың теңгеге жуық мемлекет пайдасына берешек өндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1190681?lang=kk

Жауап қалдыру