Мәртебелі марапат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республикалық референдумның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтар Мемлекет басшысының және облыс әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Нәтижелі еңбектің мәртебелі марапатын «Достық үйіндегі» салтанатты шарада қала әкімі Нұржан Ахатов табыстады.

– Бұл марапаттар ел Президентінің Сыр халқына деген ыстық ықыласы, аймақ басшысының баршаңызға білдірген шынайы ризашылығы.

Жаңа Конституцияның қабылдануына қосқан үлестеріңіз бен мемлекет мүддесі жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бастамаларыңыз берекелі, еңбектеріңіз жемісті болсын! – деді Нұржан Сәбитұлы.

Салтанатты шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жетекшісі Наурызбай Байқадамов пен «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Жандос Базартай сөз сөйлеп, белсенді азаматтарға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтың «Алғыс хатын» табыстады.

Айта кету керек, Ақордада өткен салтанатты жиында Президент бүкіл халық атынан жаңа Ата заңға, «Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Енді Халықтық Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Жыл сайын 15 наурызда Конституция күні мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде атап өтіледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1190682?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді