Аудандық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен арнайы отырыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конституциялық комиссия жариялаған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау мақсатында аудандық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен арнайы отырыс өтті.
Жиын барысында аудандық мәслихат депутаты Марал Мұратбекұлы Досымов Конституция жобасының негізгі ережелері мен енгізілетін өзгерістер кеңінен таныстырды.
Аудандық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, құжаттың ел дамуы үшін стратегиялық мәнге ие екенін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар пікір алмасып, конституциялық реформаларды түсіндірудегі бірлескен жұмыстың маңыздылығы аталып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-amangeldi/press/news/details/1190940?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді