
2026 жылдың 31 наурызында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаменттің сала мамандарының, адвокаттардың қатысуымен «Ана үйі» қоғамдық қорының Қызылорда облысы бойынша ресурстық орталығында құқықтық түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында орталық тұрғындарына тегін заң көмегі көрсетіліп, көкейтесті сауалдарына құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты жауаптар берілді. Сонымен қатар қатысушыларға жаңа цифрлық сервистер — чат-бот, Тараптар кабинеті және робот-сот орындаушысының қызметі туралы кең көлемде ақпарат ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1191035?lang=kk

Жауап қалдыру