КЕНТАУДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОАКЦИЯСЫ ӨТІП, 20 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» атты ауқымды экологиялық шара ұйымдастырылды. Табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі бастамаға қала әкімі Жандос Тасов, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, еріктілер және белсенді жастар қатысты.

Шара барысында қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы акцияға қатысушыларға алғыс білдіріп, қоршаған ортаны қорғау баршаның ортақ міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ, тұрғындарды тазалықты сақтау, туған жерге жанашырлықпен қарау және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.

Акция аясында Хантағы ауылындағы тау бөктеріндегі бұлақ көздерін ашу, ағын су жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны 400-ге жуық адам жұмылдырылып, 10-нан аса арнайы техника тартылды. Нәтижесінде, 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Аталған шара қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта да Кентау қаласында экологиялық акциялар жалғасын тауып, тазалықты сақтауға бағытталған жобалар іске асырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1191090?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді