Ботақара кентінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінен бастап Ботақара кентінің Мәдениет үйінде «Қарызсыз қоғам» республикалық жобасы аясында қаржылық сауаттылыққа бағытталған оқыту курстары басталды. Аталған жоба азаматтардың жеке қаржыны басқару бойынша білімін арттыруға және несие жүктемесін азайтуға бағытталған.Оқытуға қолданыстағы несиесі бар немесе 90 күннен астам мерзімге кешіктірілген қарызы бар тұрғындар қатыса алады. Сабақтар барысында қатысушылар отбасылық бюджетті тиімді басқару, банк өнімдерін дұрыс пайдалану және қаржылық қиындықтардан шығу жолдарын үйренеді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar-zhyrau-botakara/press/news/details/972923?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді