Жастар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жаңа маусымына белсене кірісті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасының жаңа маусымы басталды. Елдің барлық өңірлерінде жастар аумақтарды көгалдандыру және тазалау бойынша ауқымды науқанға белсенді атсалысуда.

Алғашқылардың бірі болып экоакцияға Жамбыл облысының «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары мен белсенділер қосылды. Олар Қарахан және Айша бибі кесенелері, Тектұрмас кешені, сондай-ақ «Көне Тараз» этномәдени орталығы аумағында тазалау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

«Таза Қазақстан» бастамасы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Жаңа экомаусым аясында бүкіл ел бойынша сенбіліктер өткізу, ағаш отырғызу, саябақтар мен аулаларды, табиғи аймақтарды тазарту жоспарлануда. Экологиялық акцияға жастармен бірге, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен табиғатқа бейжай қарамайтын ел азаматтары қосылмақ.

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы елдегі тазалық пен экологиялық әлеуетті сақтауда маңызды алаңға айналды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1191133?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді