Подстепное кентінде маршруттық және мектеп автобустарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

31.03.2026 ж. сағат 14:00 шамасында Подстепное кентінде маршруттық және мектеп автобустарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Самара – Шымкент республикалық автожолымен келе жатқан маршруттық автобус мектеп автобусымен соқтығысып, салдарынан соңғысы инерциямен алда тұрған автокөлікке соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер тіркелді, олардың ішінде балалар да бар. Қаза болғандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Барлық мән-жай анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1191116?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді