2026 жылғы 28 наурызда Іле ауданында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 наурызда Іле ауданында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Шараға 2809 адам қатысып, 27 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 116 тонна қоқыс шығарылып, 87 ағаш отырғызылды. Сенбілік аясында елді мекендердің аумақтары тазартылып, қоғамдық орындар ретке келтірілді.

Өтеген батыр ауылдық округінде сенбілік барысында Рысқұлбекова және Батталханова көшелері бойына көк шырша көшеттері отырғызылды. Бұл жасыл желектер аумақтың көркін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға да ықпал етеді.

Экологиялық акция тұрғындардың белсенділігін көрсетіп, ауданның тазалығы мен көркеюіне нақты үлес қосты. Көк шыршалармен көмкерілген көшелер алдағы уақытта елді мекеннің ажарын аша түсетіні сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-energeticheski/press/news/details/1190921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді