Атырау облысында еңбек қауіпсіздігі – басты назарда!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, эксперттік кеңес аясында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ кәсіпкерлік ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

         Іс-шара барысында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелер қаралды.

         Жиынға Атырау облысы полиция департаментінің өкілдері Д. Айдосынов, Д. Бұлжанов, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінен А. Қырғи, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен А. Искакова мен А. Кушкинбаева, «PARYZ» ұлттық конфедерациясынан А. Инкаров, Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Е. Ұзақбай, сондай-ақ ірі кәсіпорындар – «KazTransOil» АҚ, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, «NefteStroiService» ЖШС, «Атырау Жарық» ЖШС, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «Ақжайық-7» ЖШС өкілдері және кәсіподақ бірлестіктерінің қатысушылары қатысты.

         Мәжілісте өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру, еңбек заңнамасын сақтау және жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

         Атап айтқанда, 2026 жылдың бірінші тоқсанында жазатайым оқиғалар санының төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланғанымен, жекелеген кәсіпорындарда қауіпсіздік талаптарының сақталмауы алаңдаушылық туғызатыны атап өтілді.

         Қатысушылар еңбек қауіпсіздігі тек талап қана емес, әрбір жұмыс берушінің тікелей жауапкершілігі екеніне ерекше назар аударды.

         Сонымен қатар, жұмыскерлердің денсаулығының кенеттен нашарлауы мен кәсіптік ауруларды анықтау мәселелері көтеріліп, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды. Мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіленді.

         Жиын қорытындысында адам өмірі мен денсаулығы ең жоғары құндылық екені атап өтіліп, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету баршаға ортақ міндет екені жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1191157?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді