
“Мемлекет басшысының республика бойынша 2 млрд тал көшетін отырғызу тапсырмасына сәйкес, биыл Түркістан облысында 1 миллион түп көшет егіледі. Өңірде 2021-2027 жылдар аралығында 110 мың гектар жерге 170 млн көшет отырғызу жоспары бекітілген. Аталған бағытта 2021-2025 жылдары 96 мың гектарға 144 млн сексеуіл көшеті отырғызылып, жоспар 116 пайызға артығымен орындалды. Көшеттердің жерсіну деңгейі орта есеппен 50 пайызды құрайды. 2025-2027 жылдары қалған 14 мың гектарға 24 миллион көшет отырғызу көзделген. 2025 жылдың өзінде орман шаруашылығына 9,6 млрд теңге қаржы бөлініп, 30 миллионға жуық көшет өсірілді. 2021-2025 жылдары елді мекендерде 3,6 миллионан астам көшет отырғызылды. Қазіргі таңда көктемгі маусымға қажетті 350 мың көшет дайындалған. Бұдан бөлек, үкіметтің тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға дейін өңірде тауарлық балық өндірісін 20 мың тоннаға жеткізу көзделген. Қазіргі таңда облыста 200-ге жуық балық шаруашылықтары жұмыс істейді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 8,2 мың тонна балық өндіріліп, облыс республика бойынша көшбасшы атанды” – деді спикер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1191153?lang=kk

Жауап қалдыру