Қазақстан Елшілігі Аустриядағы Наурыз мерекесін тойлауға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Вена, 2026 жылғы 30 наурыз – Вена қаласында аккредиттелген 9 дипломатиялық миссия қатысқан Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі «Society» дипломатиялық журналының бастамасымен салтанатты түрде атап өтілді. Ауғанстан, Әзербайжан, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері өздерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетті.

Іс-шара әртүрлі елдердің өкілдерін біріктірген және Наурыз мерекесін атап өтетін халықтардың бай дәстүрін паш еткен ерекше мәдени оқиғаға айналды. Қонақтар халықтық музыка тыңдап, ұлттық тағамдардан дәм татып, аймақтың ерекше рухы мен ұлттық бояуын көрсететін дәстүрлі киімдер мен қолданбалы өнер туындыларымен танысты.

Мерекелік кештің көркін талантты домбырашылар Жасұлан Жұмазбай мен Әділжан Ерзатұлының орындауындағы дәстүрлі қазақ күйлері «Адай» мен «Балбырауын» аша түсті. Атақты опера әншісі Айгүл Шамшиденова ұсынған «Көзімнің қарасы» шығармасы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Қазақстан стенді келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Елшілік ұлттық тағамдарды ұсынды және Наурыздың жаңару, үйлесім мен ізгіліктің символы ретіндегі мәнін ашатын экспозиция дайындады. Қатысушылар қазақстандық тарап құрған жылы атмосфераны жоғары бағалап, елдің мәдени құндылықтарымен танысу мүмкіндігіне алғыс білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1191165?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді