
Маңғыстау ауданы Пб-нің қызметкерлері полиция подполковнигі А. Жоламанова және полиция майоры И. Аманбаев жетекшілігімен 2026 жылға арналған киберқылмыстардың алдын алу бағдарламасы аясында кездесу жұмыстарын өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға жеке басты куәландыратын құжаттарды (жеке куәлік, паспорт) рәсімдеуде алаяқтықтан сақ болу жөнінде түсіндіру жүргізілді. Атап айтқанда:
- Құжат көшірмелерін бейтаныс адамдарға немесе күдікті сайттарға бермеу;
- Жеке мәліметтерді тек ресми органдар арқылы рәсімдеу;
- Мессенджерлер (WhatsApp, Telegram) арқылы жеке деректерді, паспорт немесе жеке куәлік көшірмесін ешкімге жолдамау, тіпті “мемлекеттік органдар” атынан келген жағдайда да сақтық сақтау.
⚠️ Жеке деректерді қорғау – киберқылмыстың алдын алудың басты факторы.
https://www.instagram.com/reel/DWhIg6UDAiC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1191168?lang=kk

Жауап қалдыру