
Торайғыров университеті базасында жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – түлектерге кәсіби бағдар беру, жетекші жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастыру және жас мамандардың тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал ету.
Жәрмеңкеге өңірдің ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, мемлекеттік органдар, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері қатысып, түлектерге қолжетімді бос жұмыс орындарын ұсынды.
Аталған іс-шараға Павлодар облысының Әділет департаментінің бас маманы Багиля Рахманова қатысып, түлектерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі мен бос лауазымдар туралы ақпарат берді.
Жәрмеңке барысында жоғары оқу орындарының түлектері жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, еңбекке орналасу мүмкіндіктері жөнінде қосымша мәліметтер алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1190863?lang=kk

Жауап қалдыру