
2026 жылдың 31 наурыз күні Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілерге әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністерінің зиянына қатысты консультациялық кездесу өтті.
Кездесу барысында, мемлекеттік қызметшілерге ұжымдық мәдениетті нығайту, әдеп кодексінің талаптарын сақтау, орындаушылық тәртіп, әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға және мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері айтылды.
Сондай-ақ, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп, оның зардаптары бойынша түсіндірілді.
Кездесу соңында мемлекттік қызметшілер тарапынан сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1191175?lang=kk

Жауап қалдыру