
Туберкулездің алдын алу: облыста атқарылған жұмыстың нәтижесі
2026 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында облыста туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың туберкулездің алғашқы белгілері, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы, дер кезінде емделудің тиімділігі және аурудың алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру.
Айлық аясында Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығында «Наурыз – ашық есік айы» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында барлық ниет білдірушілер тегін флюорографиялық тексеруден өтіп, фтизиатр дәрігерлерінен кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Бір ай ішінде облыс бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының мамандарына арналған туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша аумақтық басқармаларда 4 облыстық және 50 семинар өткізілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Атап айтқанда:
– теледидарда 5 сөз сөйлеу ұйымдастырылды;
– қалалық және аудандық баспа басылымдарында 6 мақала жарияланды;
– қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ресми сайттарында, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде мемлекеттік және орыс тілдерінде 226 ақпараттық материал орналастырылды.
Айлық барысында:
– 5398 парақша мен жадынама таратылды;
– халық көп шоғырланған орындарда 35 радиолекция өткізілді;
– 45 бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды;
– денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде 293 ақпараттық стенд пен бұрыш ресімделді;
– 1458 адамды қамтыған сауалнама жүргізілді;
– мектептерде 8171 оқушының қатысуымен диктанттар өткізілді;
– 24 акция, флешмоб және челлендж ұйымдастырылды.
Туберкулездің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1191394?lang=kk

Жауап қалдыру