ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
  • ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 1-жартыжылдыққа арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және ҚР халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 26 наурыз – 1 сәуір аралығында ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Смадияр Алдияр Шаниярұлы және Биділдә Ербол Серікбайұлы Түркістан қаласында орналасқан “Қуаныш” ЖШС-де профилактикалық бақылау жүргізді.

 

  • Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Алдияр Шаниярұлы және Ербол Серікбайұлы “Қуаныш” ЖШС-нің ұжымында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтырына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

  • Түсіндірме жүргізу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары ЖШС ұжымының жұмыскерлер мен жұмыс берушілер тарапынан қойылған еңбек қатынастарына қатысты қойылған сұрақтары бойынша ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес түсіндірме беріп өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/973072?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді