
Атырау облысы, Исатай ауданының Аққыстау ауылынан қанат қаққан “Әсемай” ансамблі әлемдік сахнада тағы бір мәрте жарқырап, зор жетістікке қол жеткізді. Францияның жүрегі – Париж қаласында өткен “ETOILES DE PARIS 2026” халықаралық өнер байқауында өнер көрсеткен жас таланттар Бас жүлдені (Гран-при) иеленіп, қазақ елінің абыройын асқақтатты. Бұл – кездейсоқ жеңіс емес. “Әсемай” ансамблі бұған дейін де талай байқаудың төрінен көрініп, өз деңгейін дәлелдеген ұжым. Ақтөбедегі “ЖасStar”, Түркістандағы “Дарабоз” және Алматыда өткен “Атадан мұра” қорының Суперфиналында да топ жарып, Бас жүлдені еншілеген болатын. Кішкентай ғана Аққыстаудан басталған өнер жолы бүгінде халықаралық сахнаға ұласып, ұлттық мәдениеттің үні алыс елдерге жетіп жатыр. Бұл – тек бір ансамбльдің жетістігі емес, бұл – туған жердің рухы мен қазақ өнерінің қуаты. “Әсемай” ансамблінің жеңісі – ел мерейін өсірген үлкен мақтаныш. Жас өнерпаздарға шығармашылық шабыт, биік белестер мен жаңа жеңістер серік болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1191300?lang=kk

Жауап қалдыру